Жалпыға бірдей декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 15 күн қалды

Жалпыға бірдей декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 15 күн қалды

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда 2023 жылғы 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінің декларациясын электрон түрде тапсырудың мерзімі аяқталатынын еске салды, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап..

Биыл активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штаттық қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары алғаш рет табыс етеді. Мұндай ұйымдарға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар және олардың жұбайлары (мұндай ұйымдардың штаттық қызметкерлері болып табылмайтын) 2023 жылы декларацияны табыс етпейді.

 

"Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz) сервистерінің көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады. Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша табыс етеді", - делінген хабарламада.


#қаржы, #салық