19 қазан - Құтқарушылар күні
Құтқарушы болу – өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін құтқару, сақтау, көмектесу, қорғау – ең басты міндет. Осындай жауапкершілігі мол, қиын және қауіпті салада жүрген төтенше жағдай қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Қандай қиыншылыққа тап келсе де олар барлығына жігерлілік танытуда. Төтенше жағдайға тосқауыл қойып, тұрғындар өмірін құтқаруда ерен еңбек сіңіріп жүрген әр қызметкердің жұмысы – ерлікпен пара-пар.
Мерекелеріңіз құтты болсын!