7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

Отан қорғаушылар күні — Қазақстан Республикасындағы маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күн жыл сайын 7 мамырда аталып өтеді. Мереке еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуына байланысты белгіленген және Қазақстанның ер азаматтарының елге, жерге деген адалдығы мен ерлігін құрметтеуге арналған.1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  еліміздің Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл тарихи шешім Қазақстанның әскери тәуелсіздігінің бастамасы болды. Содан бері 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні ретінде аталып өтеді.

Бұл күн — тек әскерилер үшін ғана емес, сонымен қатар барлық қазақстандық ер азаматтарға арналған мереке. Олар — отбасын, қоғамды, мемлекетті қорғайтын тірек. Әскер қатарында қызмет ететіндермен қатар, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігіне үлес қосып жүрген полиция қызметкерлері, құтқарушылар және басқа да күш құрылымдарының өкілдері де осы күнде ерекше құрметке ие.

Отан қорғаушылар күні — халқымыздың елге деген сүйіспеншілігі мен патриотизмін ұлықтайтын маңызды мейрам. Бұл күн батырлық пен ерлікке тағзым ету, ел қорғаған азаматтарға алғыс айту күні болып табылады. Еліміздің тыныштығы мен болашағы үшін еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға алғысымыз шексіз.


#мереке, #Отан қорғаушылар күні