Абай облысы әкімдігіне жиһаз сатып алу конкурсы тоқтатылды
Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Абай облысы әкімдігі мен оған қарасты басқармаларға кеңсе жиһазын сатып алу мәселесі кеңінен талқылануда. Жиһаз сатып алуға қатысты конкурстық рәсімдер бірнеше рет жарияланғанымен, облыс әкімінің шешімімен ресми түрде тоқтатылды.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Қасымның айтуынша, Абай облысы 2022 жылы құрылған сәттен бастап әкім аппараты мен 23 басқармаға жиһаз сатып алынбаған. Қазіргі таңда 639 қызметкер Семей қаласы әкімдігінен берілген ескі, тозығы жеткен жиһазды пайдаланып отыр. Кейбір басқарма қызметкерлері жұмыс істеу үшін өз үйінен жиһаз әкелуге мәжбүр болған.
2024 жылы мемлекеттік сатып алу рәсімдері басталғанымен, конкурс 7 рет жарияланып, әр жолы әлеуетті жеткізушілердің құжаттарында кеткен қателіктерге байланысты кейінге шегеріліп отырған. Жиһазға деген қажеттілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №201 бұйрығына сәйкес айқындалған.
Алайда, облыс әкімінің шешіміне сәйкес, конкурс толықтай тоқтатылды.
Жиһаз сатып алу рәсімдерін қайта жалғастыру жоспарланбайды.
#Абай облысы, #мемлекеттік сатып алу, #Берік Уәли