Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғындары көлдің жағасын тазартты

Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғындары көлдің жағасын тазартты

Бородулиха ауылында Үлкен көлдің жағалауын тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен сенбілікке қатысушылар 100-ден астам қап қоқыс жинады.

Сенбілікке аудандық мәслихат депутаттары, түрлі ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ «Жасыл Ел» еңбек жасағының сарбаздары белсенді қатысты. Олар бірлесе бір жарым гектар жағажай аумағын қоқыстан тазарта алды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүкіл ел бойынша өтуде.  Оның басты мақсаты - қоршаған ортаны қорғау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

-  Мұндай акцияларды өткізу өте маңызды. Тазалық әрқайсымыздан басталады. Алдағы уақытта демалушылар табиғатқа аса ұқыпты қарап, көл жағасында қоқыс қалдырмайды деп үміттенемін, - дейді Бородулиха ауылының тұрғыны Мейрамгүл Атаева.


#Абай облысы, #Бородулиха ауданы, #"Таза Қазақстан" акциясы