Абай облысы құрылғалы қандай өзгерістер болды?

Абай облысы құрылғалы қандай өзгерістер болды?

Әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілді. Соңғы жылдың өзінде 307 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Өмірі жылуы жыр болған Семей қаласының мәселесі ешкімге таңсық емес. Бұл ретте облыс бойынша жылу көздерінде жұмыстар жүргізіліп, қаншама шақырым жылу желілері ауыстырылды. Семей қаласының жылу энергиясының тапшылығы мен экологиялық қолайсыздығын ескеріп және қуаты аз қазандықтарды жабу мақсатында Мемлекет басшысы жаңа ЖЭО салуды тапсырды. Қазірде «ЖЭО-3 құрылысы" жобасы қолға алынды .

Тұрғындарды алаңдататын басты мәселенің бірі – жол. Жалпы облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6,8 мың шақырым. Бірнеше шақырым жолдар орташа жөндеуден өтті. Жолдың сапасын арттыру жұмыстары жалғасуда. 

Облыс халқын 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылға қарай елуге жуық жобаны іске асыру жоспарланған. Семей қаласы тұрғындарының ауыз сумен қамтылу деңгейі – 91,4 %. 

Аулаларды абаттандыру,көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Қаншама аула мен қоғамдық кеңістік жаңғыртылды.

Ауылшаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында да ілгерілеушілік бар. 


#Абай облысы, #Абай облысының әкімі