Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 35 қаралымabaidan.kz

Абай облысында 8 теміржол вокзалында жаңғырту жұмысы жалғасуда

Абай облысында 8 теміржол вокзалында жаңғырту жұмысы жалғасуда

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында өңірдегі теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары және спорт саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді іске асыру барысы қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды.

Абай облысында 8 теміржол вокзалында жаңғырту жұмысы жалғасуда

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан мен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақыт Бекбосынов баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау бағдарламасы аясында облыстағы 10 вокзалды жаңғырту жоспарланған. Маусым айында Бородулиха ауданындағы Ауыл және Белағаш станцияларындағы вокзалдар күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Екі нысанда да вокзал аумағы кеңейтіліп, перрондар жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды.

Абай облысында 8 теміржол вокзалында жаңғырту жұмысы жалғасуда

Қазір қалған 8 вокзалда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Бекітілген кестеге сәйкес Үшбиік, Дегелең, Жалаңашкөл, Шар және Жарма вокзалдарын тамыз айының соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру көзделген. Ақтоғай, Аягөз және Семей вокзалдарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Аягөздегі ескі вокзал ғимараты толық бұзылып, орнына жалпы аумағы 1367,65 шаршы метр болатын жаңа вокзал салынып жатыр. Семей қаласындағы халықаралық теміржол вокзалының аумағы 3037,9 шаршы метрден 4905,05 шаршы метрге дейін кеңейтіледі. Вокзалдың тәуліктік өткізу қабілетін 1619 жолаушыдан 3156 жолаушыға дейін арттыру көзделген. Облыс әкімінің ұсынысы негізінде жобаға конкорстық өткел енгізіліп, оның құрылысы басталды.

Абай облысында 8 теміржол вокзалында жаңғырту жұмысы жалғасуда

Аймақ басшысы теміржол инфрақұрылымын жаңғырту халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Мемлекет басшысының Жолдауында көлік инфрақұрылымын жаңғырту және өңірлердің теңгерімді дамуын қамтамасыз ету міндеттері айқындалған. Теміржол саласын дамыту, вокзалдарды заманауи талаптарға сай жаңғырту – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Президент тапсырмасына сәйкес өңірлердегі теміржол вокзалдары кезең-кезеңімен жаңғыртылып, халықтың барлық санатына тең дәрежеде қолжетімді, заманауи әрі жайлы инфрақұрылым қалыптастырылады. Бұл бастама өңірлердің сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал етеді», – деді Берік Уәли.

Абай облысында 8 теміржол вокзалында жаңғырту жұмысы жалғасуда

Жиын қорытындысында облыс әкімі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалымен бірлесіп құрылыс қарқынын жеделдетуді, жұмыс күшін тиімді ұйымдастыруды және вокзалдарды бекітілген кестеге сәйкес белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.