Абай облысында ақылы жол пайда болды

Абай облысында ақылы жол пайда болды

Абай облысы арқылы өтетін халықаралық "Омбы-Майқапшағай" тас жолының 300 шақырымына тариф енгізілді. Енді жүк және қоғамдық көліктердің жүргізушілері әр шақырым үшін ақша төлейді, деп хабарлайды abaidan.kz"Хабар 24" сілтеме жасап,  .

 Аймақтағы ақылы жолдың іске қосылғанына екі ай болған. Содан бері 70 миллион теңгеге жуық қаржы жиналған. Түскен ақшаға 10 жаңа техника сатып алынып та үлгеріпті. "ҚазАвтоЖол" компаниясының өкілі Арсен Темірхановтың айтуынша,  ақылы жолдың төлемі бойынша, салмағы 2 жарым тоннаға дейінгі техникалар әр шақырымға 5 теңге, салмағы 15 тоннадан жоғары көліктер 25 теңге төлейді. Жеңіл көліктер тегін жүре береді. 

Айта кетсек, 2023 жылы 16 қазанда Көлік прокуратурасының тексеруінен кейін "ҚазАвтоЖол" компаниясы Қарағанды ​​облысының ақылы жолдармен 69 мың автокөлік жүргізушісіне аванстық төлемдер қайтарыла бастағаны белгілі болды.


#Абай облысы, #жол, #ҚазАвтоЖол, #Қазақстан