"Растишка" Қазақстандағы атауын халықаралық Danonino деп өзгертеді

Балалардың ғана емес, ата-аналардың да жүрегін жаулап алған танымал "Растишка" балалар йогурттарының бренді өз тарихының жаңа тарауына дайындалуда,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

Danone компаниясы 2024 жылдың ақпан айында Қазақстандағы "Растишка" – Danonino халықаралық брендіне ауысқанын хабарлады. Наурыз айында қазақстандықтар еліміздің барлық дүкендерінің сөрелерінде жаңа атаумен сүйікті йогуртты көре алады.

Бұл шешім біздің елімізді әлемнің 38 еліндегі 60 миллионнан астам отбасымен біріктірді, олар үшін Danonino – тек танымал бренд қана емес, сонымен қатар 50 жылдан астам уақыт бойы олардың күнделікті өмірінің бір бөлігі болып саналатын сүйікті өнім.

Мария Мусева, Қазақстандағы Danone маркетинг жөніндегі директоры: "Біз үшін отбасыдан маңызды ештеңе жоқ. Біз бүкіл әлемдегі ата-аналар балаларының бақытты және сау болғанын қалайтынын білеміз. Жаңа халықаралық атауға көшу, ең бастысы – сүйікті йогурттың дәмі мен пайдалы қасиеттеріне еш әсер етпейді деп сеніммен айтамыз. Біздің өнім сондай сапалы, дәмді және пайдалы! Табиғи ингредиенттерден жасалған, әсіресе 3-6 жастағы балалар үшін кальций мен D дәруменімен байытылған.

Danone – сүт өнімдерін шығаратын әлемдегі №1 компания. Оның міндеті – "мүмкіндігінше көп адамға азық-түлік арқылы денсаулық сыйлау". Біз осы маңызды үрдістің бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз және дәл осы Danonino атауы балалардың сау өсуі үшін йогурт өндірісіндегі халықаралық тәжірибені, көп жылдық сараптаманы және Danone тобының стандарттарын жақсы көрсетеді деп сенеміз".

Алматыдағы өз зауытында Danonino өндірісінің әрбір кезеңі барлық халықаралық стандарттарды сақтай отырып, қатаң бақылаудан өтеді. Бұл әрбір кесе өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін жасалады.

Danonino йогурттары 2024 жылдың наурыз айында келесі дәмдерде сатылады: құлпынай, алма-алмұрт, банан, шабдалы-өрік. Танымал "Три кота" мультхикаясының кейіпкерлерімен жарқын дизайн балалардың йогуртпен қызықты танысуына шаттық және қуаныш қосады!


#Алматы, #Қазақстан