Абай облысында бір жылда 1 мың шақырымнан астам жол тексеруден өткен

Абай облысында бір жылда 1 мың шақырымнан астам жол тексеруден өткен

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалы бір жылда 1 мың шақырымнан астам жолды тексеруден өткізген,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі орталықтың облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Өңірде ұзындығы 6,8 мың шақырым жол бар. Биыл орташа жөндеуге 15,1 миллиард теңге қаржы бөлініп 241 шақырым жөнделген. Олардың сапасы жіті бақылауда болды.   Атап айтар болсақ 838,5 шақырым республикалық, облыстық және аудандық санаттағы 125 шақырым жол мен қала ішіндегі – 50 шақырым жол «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» облыстық филиалының тікелей тексеруінен өткен.

-Тексерулер кезінде 226 ақау анықталды, оның 77 ақауы жойылды. Салынған жолда торлы жарықтардың болуы, жолдың шөгуі кездесті. Сондай-ақ асфальт астарлаудың болмауы, Битум құйылмай қалады. Жол жабындысы қабыршақтанып кетеді. Сондай кемшіліктерді барлығын тексеріп анықтап отырамыз. Ақау анықталған жағдайда ол жол қабылданбайды. Кемшілікті толық жою үшін мердігер компния,а ескерту беріледі-дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының сынақ зертханасының меңгерушісі, Айбек Тұрғанов.

Биыл күзде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының сынақ зертханасы іске кіріскен. Содан бері 1645 сынама сынақтан өткізілген. Оның ішінде инертті материалдар, асфальтбетон кесінділері бар. Тексерілген сынамалардың 33 пайызы нормативтік құжаттарға сай келмейтіндігі анықталған.


#Абай облысы, #жол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"