Жол құрылысы сағызша созылды
«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолдың құрылысы 6 жыл бұрын басталып, сағызша созылып кетті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы » Абай облысы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бейнетін өңір халқы бірнеше жылдан бері тартып келеді. Мемлекеттен жолды жөндеуге 161 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бірақ, Абай облысына қарасты бөлігі бітер емес. Қазір аталған жол бөлігінің 345 шақырым астыңғы қабаты ғана салынған. Ал үстіңгі жабыны бойынша 33 шақырымы ғана төселіп, 300 шақырымы аяқсыз қалған. Тас жолдың жөнделген бөлігінің өзінде мамандар кемшілік көп деп отыр. «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы » Абай облысы бойынша филиалының директоры Фурхат Джулановтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін 397 жол құрылыс материалы алынған. Оның ішінде 28 проценті нормативтік құжатқа сәйкес келмейді. Маусым басталған кезде кемшіліктер, ақаулықтар бойынша жұмыстар қайта тексерілетін болады.
#Абай облысы, #жол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"