Абай облысында дауылды ескерту жарияланды

Абай облысында дауылды ескерту жарияланды

09 қаңтарда Абай облысының түнде басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай олысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осыған байланысты Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан осы кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды!

Сондай-ақ жедел ақпаратты "Darmen" мобильді қосымшасынан білуге болады. Ол дауыл гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қауіптілік қатерлері, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағында алдын алу және басқа да іс-шаралар туралы халықты уақтылы ақпараттардыру және хабардар етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл қосымша ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын мектептердегі сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

"Darmen" мобильді қосымшасын "Play market /darmen/" және "App store /darmen/" - дан жүктеуге болады.

Жүктеп алғаннан кейін сіз өзіңіздің жеке аймағыңызды немесе қызығушылық танытатын аймақты таңдауыңыз керек және жедел ақпарат бойынша жедел хабарлама push-хабарламалар арқылы жеткізіледі

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" немесе "101" нөмірлеріне қоңырау шалу қажет!


#Абай облысы, #Ауа райы