Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 753 қаралымabaidan.kz

Абай облысында құрылыс саласы ерекше бақылауда

Абай облысында құрылыс саласы ерекше бақылауда

Өткен жылы облыстық құрылыс басқармасы салынып жатқан нысандарға тексеру жүргізіп, үш нысан бойынша келісім-шарт тоқтатылған. 
Абай облысы құрылыс басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында атап өткендей ұзаққа созылған құрылыстың негізгі себебі қаражаттың жетіспеушілігі болып табылады.

- Құрылыс мерзімдеріне қатысты кез келген объектінің нормативтік мерзімі мен құрылыс ұзақтығы болады. Бұл мерзімдер сараптама қорытындысына сәйкес көрсетіледі. Мерзім ұзақ немесе қысқа болуы мүмкін, сонымен қатар мерзімдер келісім-шарттық қатынастарға байланысты. Егер құрылысты басқару объектілері туралы айтатын болсақ, яғни уақыттан кешігу фактілері болуы мүмкін. Бірақ бұл әдетте қаржыландыруға байланысты – бастапқыда қаражаттың бір бөлігі бөлінеді, қалған қаражат кейіннен бөлінеді. Сондықтан құрылыс нормативтік мерзімнен сәл асады, - деді Айдын Бегімбеков.

Басқарма басшысы өткен жылы үш нысан бойынша сот отырысында жеңіске жеткеніндігіне тоқталды. 

— Біз барлық жобаларымызға заңды қолдау көрсетеміз. Өткен жылы үш келісім-шартты біржақты тәртіппен бұзуға өтініш бердік, барлық сот процестерінде жеңіске жеттік. Соңында біз мердігерлермен медиациялық келісімге келдік. Сондықтан, осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деп қорытындылады спикер.