Әкім азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әкім азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды кезекті мәрте қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аймақ басшысына өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Қабылдауда жерлестеріміз тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық және материалдық қолдау туралы өтініштерін жеткізді. 

Қабылдауға жазылғандардың арасында тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұраушыларға лайықты жауап қайтарылды. Облыс әкімі тұрғын үйді бөлу процесі белгіленген мемлекеттік нормаларға сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Баспана кезегінде тұрғандар кезекке сәйкес қана пәтерге ие болатындығы айтылды.

«Әлеуметтік мәселелерді шешу - біздің міндетіміз. Облыстың әрбір тұрғыны мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс. Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды қолдау шараларын кеңейту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деді өңір басшысы.

Жеке қабылдау соңында облыс әкімі жауапты ведомство басшыларына азаматтардың өтініштеріне мұқият мән беріп, оларды тезірек шешу үшін шаралар қабылдауды тапсырды. 

Көтерілген әр сұрақ бақылауға алынатынын айтты.


#Абай облысы, #Абай облысының әкімі