Абай облысында мемлекеттік қызмет ардагері марапатталды
Ұлттық мереке - Республика күніне орай өткен салтанатты жиында облыс әкімі Берік Уәли мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жыл еңбек етіп, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады.
Олардың қатарында Жаңасемей ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айсұлу Кәбірқызы Ахметжанова да бар. Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі салтанатты түрде табыс етілді.
Айсұлу Ахметжанова 1983 жылдан бері мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам еңбек етіп келеді. Салық саласында бастаған еңбек жолы бүгінде экономика және қаржы саласындағы жоғары кәсіби деңгейімен, жауапкершілігі және іскерлік қасиеттерімен ұштасып отыр.
Тәжірибелі маман ұзақ жылдық адал еңбегімен әріптестері арасында үлкен құрметке ие. Қазіргі таңда ол жас мамандарға үлгі боларлық басшы ретінде еңбек етуде.
#Абай облысы, #мереке, #Республика күні