Абай облысында үш жаңа басқарма құрылады

Абай облысында үш жаңа басқарма құрылады

ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес Абай облысына мемлекеттік қызметшілердің штат санына қосымша лимит бөлінді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Осыған байланысты облысының басқару схемасын өзгерту қажеттілігі туындады. Бұл туралы Абай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясында облыс әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев айтты.

Салалық нұсқауларға сәйкес дербес құрылымдық бөлімшелер ретінде үш жаңа басқарма құру жоспарланған:

1) Жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқарма;

2) Дін істері басқармасы;

3) Цифрлық даму басқармасы.

Сонымен қатар, мемлекеттің жер, қала құрылысы және аграрлық саясатын уақтылы іске асыру, аталған салаларда сапалы жаңа деңгейге қол жеткізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында, Абай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын және Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасын олардан сәулет, қала құрылысы, 

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасын құру. 

Бұдан бөлек, жұмыстың ерекшелігіне қарай «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекеменің атауы 

«Абай облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі деп өзгерту жоспарланып отыр. 

Облысты дамытуға бағытталған қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін, Абай облысын басқару схемасын өзгерту мәселесі қолдау тапты.


#Абай облысы, #дін