Абай облысында журналистер жаңа трендтерді тиімді пайдалануды үйренді

Абай облысында журналистер жаңа трендтерді тиімді пайдалануды үйренді

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association - WFPA) «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, Семейде «Журналистикадағы жасанды интеллект және YouTube» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.  

Біздің басты мақсатымыз - журналистердің кәсіби тұрғыда білімін арттыру. Сонымен қатар медиа саласындағы әлемдік журналистикадағы жаңа трендтерді жұмыста тиімді пайдалануды үйрету. Дәл қазір қазақ журналистеріне кәсіби тұрғыда өсумен қатар, заманауи ақпараттық технологиялар, оның ішінде жасанды интеллектіні дұрыс пайдалану өте маңызды,-дейді түркітілдес журналистер қорының Президенті нәзия Жоямергенқызы.

Жергілікті жерде ұйысдастырылған шараға ұлттық өнімдер өндірумен айналысатын  "ADAL AS"  компаниясы, оның ішінде жаңа өнім  "AS TAL" коктейлі демеуші болды. Жиналғандар үзіліс кофе-брейк уақытында жаңа өніммен танысып, дәмін татты. 

Түркітілдес журналистер қорының Президенті Нәзия Жоямергенқызы мен қордың Медиа – тренерлері Ерсұлтан Ходжалепес, Бауыржан Гаппаровтың қатысуымен өткен шараға Абай облысының БАҚ өкілдері, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер қатысып, коммуникацияда, жаңа медиа мен дәстүрлі журналистикада жасанды интеллектіні тиімді пайдалану, аудио мен видеомонтаж жасау, YouTube каналында бос ниша табу, жасанды интеллекттің арқасында қаралымды көбейту, монетизация т.б. маңызды тақырыптарды меңгерді. Ерсұлтан Ходжалепестің айтуынша,  қазіргі таңда ютуб журналистер үшін үлкен мүмкіндік. Себебі қазір көпшілік әлеуметтік желіде оның ішінде ютубты көреді. Ал журналистер ақпаратты ютуб арқылы жеңіл тарата алады. 

Қатысушылар семинар-тренинг барысында топтарға бөлініп, тақырыптарды жекелей, кеңінен меңгеруге мүмкіндік алды. Жасанды интелектінің мүмкіндіктеріне тәнті болып, кесте жасап, ютуб каналды жүргізудің қыр-сырын меңгерді.

 

 

Сондай-ақ, жасаған жұмыстарына топ болып түсінік берді. 

Шараға қатысқан журналистер өз пікірлерімен бөлісті.  

«Түркітілдес журналистер қорының ұйытқы болуымен өткен семинарда аз уақытта көп нәрсе үйрендік деуге болады. Қазақ журналистерінің біліктілігін арттырып, заманауи шеберлігін шыңдау үшін тыным көрмей жүретін Нәзия Жоямергенқызына алғысымыз зор. Бауыржан мен Ерсұлтанның сабағын ден қоя тыңдадық. Қазір жиі айтыла бастаған Жасанды интеллект (ЖИ) мәселесінің адамзат үшін маңызы кеңінен арқау болды. Ең бастысы қазақ журналистерінің ауызбіршілігі үшін де мұндай басқосулардың алдағы уақытта да жалғасатыны қуантады»-, дейді танымал журналист Сәтжан Кәріпбаев.

"Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз. Семинар-трененигте біршама ЖИ жұмысымен танысып, таңдай қағып, бас шайқастық. Сол үшін ұйымдастырушыларға зор алғыс»,-дейді әлеуметтік желідегі жазбасында журналист Сәруар Қабдолла. 

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Мұндай семинарлар тамыз бен қазанда Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Көкшетау қалаларында да«Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» жобасының шеңберінде ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Семинар-тренингтер нәтижесінде қатысушылар «Әлеумет - қоғам айнасы» байқауында бақ сынайды. Байқау жеңімпаздары Алматыда өткізілетін IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумының салтанатты кешінде марапатталады.

IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумына Қазақстанның барлық облыс, аймақтарынан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Британия, Нидерланд, Швейцария, Австрия, Бельгия, Италия т.б. елдерден БАҚ басшылары, журналистер, баспасөз хатшылары, PR менеджерлер, журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері, трэвл блогерлер қатысады деп күтілуде.

#түркітілдесжурналистерқоры 

#фондтюркоязычныхжурналистов

#turkdilikonuşangazetecilervakfı

#turkicspeakingjournalists #wfpa #worldforeignpressassociation #chevron #шеврон


#Түркітілдес журналистер қоры, #Нәзия Жоямергенқызы