Абай облысының әкімі семейліктермен кездесті

Абай облысының әкімі семейліктермен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының тұрғындарымен кездесіп,атқарылған жұмыстармен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы есеп берді.

Кездесу барысында жиналғандар өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей облыс әкіміне қоюға мүмкіндік алды. Халықтың басым бөлігі қаладағы көлік тасымалы, жарық, ауыз су, аулаларды абаттандыру, ТҮКШ және білім беру мәселелеріне қатысты сауалдарын қойды.

Қарағайлы шағын ауданының тұрғындары мектеп мәселесін көтерді. Аймақ басшысы 1200 орындық мектеп құрылысының биыл басталатынын айтты.

Мұрат және Бобровка кенттерінің тұрғындары электр энергиясының қымбаттағанынашағымданды. Нұрлан Ұранхаев мәселеден хабардар екенін айтып, жұмыс тобының құрылғанын, оның құрамында барлық жауапты органдардың өкілдері мен кент белсенділерінің бар екендігін жеткізді. Айтуынша, 6 шілдеде тексеру аяқталады. Ал 10 шілдеге дейін бұл мәселе бойынша шешім шығарылады.

Сондай-ақ, Восход пен Водный ауылдарының тұрғындары ауыз су мәселесін көтерді. Айтуларынша халық әлі күнге дейін сусыз отыр. Бұл мәселе бойынша, аймақ басшысы, қаражаттың бөлінгенін, алайда тиісті шаралардың жүргізілуімен тек келесі жылы ғана ауыз судың болатынын айтты. 

Кездесу соңында облыс басшысының азаматтарды жеке қабылдауы өтті.