Абай облысының бүркітшісі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
6-8 наурыз күндері Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысып, өз шеберліктерін сынға салды. Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады.

Солардың қатарында облысымыздың тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді. Жарыс қорытындысы:
1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия) Айта кетейік, құсбегіліктен I Әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі
#Әлем чемпионаты, #Абай облысы, #Бүркітші