Абай облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы қайдан біле алады?
6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Абай облысы бойынша «109» бірыңғай нөмірі бар Call – орталық іске қосылды жәнереферендумда дауыс беруге арналған өзіңіздің сайлау учаскеңіздің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агентігі.
Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call – орталықтың демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істейді.
Telegram-bot арқылы сайлаушылар тізімінде өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін қызмет қолжетімді (https://t.me/vote_abai_bot).
Бұл қызметті пайдалану үшін Telegram арнасында аккаунт қажет.