Абай облысының тұрғыны  көршісінен ет пен алкогольдік ішімдіктер ұрлаған

Абай облысының тұрғыны көршісінен ет пен алкогольдік ішімдіктер ұрлаған

Ағымдағы жылдың 13 маусымында Жарма ауданның 63 жастағы тұрғыны аудандық ПБ-не жүгініп, бір күн бұрын оның ауласында орналасқан жазғы асханасынан белгісіз адамдар 12 кг ет, Қазан, бір бөтелке шарап пен бір бөтелке арақ ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген залал сомасы 67 000 теңгені құрайды.

 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері 58 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Әйел өз кінәсін жоққа шығармай мойындады.

 

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды.


#Абай облысы, #көршілер