«Адал-адам, адал еңбек»:әлеуметтік маңызы бар бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Бүгін Ертіс өзенінің жағалауында «Адал-адам, адал еңбек» атты ерекше әлеуметтік маңызы бар бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шара облыстық прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырылды. Оған 26 жұмыс беруші қатысып, түрлі саладағы нақты бос деген 135 жұмыс орны ұсынылды. Аталған жәрмеңке, әсіресе, мүгедектігі бар азаматтар мен пробация есебіндегі және мерзімін өтеп келген адамдарға бағытталған. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледж түлектері үшін де алғашқы еңбек жолын бастауға үлкен мүмкіндік береді. Жәрмеңке барысында келушілер назарына жергілікті әншілердің орындауында концерттік бағдарлама ұсынылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысында жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды құрап, жоспарланған 4,8%-дан төмендеген. Бұл өңірдегі еңбек нарығының тұрақтылығы мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,5%-ды құрап, республикадағы орташа көрсеткіштен (3,1%) айтарлықтай төмендеген.

2026 жылы халықты жұмыспен қамтудың Өңірлік картасы аясында 13 324 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланғды.. 23 сәуірдегі жағдай бойынша 4 642 жұмыс орны ашылып, жоспардың 34,8%-ы орындалды. Оның ішінде 2 604 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтудың негізгі бағыттары бойынша нақты нәтижелер бар. Субсидияланатын жұмыс орындары ерекше белсенділік танытып отыр: 2 022 адам жұмысқа орналасып, жоспардың 66,3%-ы орындалды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстар (85,5%) мен «Күміс жас» жобасы (82,3%) жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Әлеуметтік жұмыс орындары да 69,3%-ға орындалса, жастар практикасы бойынша көрсеткіш әлі де төмен (11,1%) деңгейде қалып отыр,- -дейді басқарма басшысы Айман Нұрлыбек..

Инфрақұрылымдық жобалар аясында жұмысқа орналастыру қарқыны баяу жүруде. Ол небәрі 1,9% пайызды құрайды. Ал жаңадан құрылған кәсіпорындар арқылы 970 адам жұмысқа орналасып, жоспардың 28,4%-ы орындалды. Бос жұмыс орындарына орналасу көрсеткіші де 29,6%-ды құрайды.

Әлеуметтік осал топтарды қолдау мақсатында 205 грант беру жоспарланған. Сонымен қатар, кәсіби дағдыларды дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Skills.Enbek.kz платформасында 204 адам онлайн оқуға тіркеліп, оның 83-і оқуын аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 845 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға тіркеліп, 534 адам сертификат алды. Еңбек нарығындағы кадр тапшылығын шешу үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламалары іске асырылуда. 2026 жылы 280 адамды оқыту жоспарланған, қазіргі таңда 77 адам білім алуда. Олардың қатарында бухгалтерлер, тігіншілер, аспазшылар және ауыл шаруашылығы техникасын басқарушылар бар,-дейді басқарма басшысы.

Жыл басынан бері облыста 134 жұмыс берушінің қатысуымен 47 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 971 азамат қамтылған. Бұл шаралар жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқаруда. Жалпы алғанда, Абай облысында жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы шаралар өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізбек.

#Семей, #Абай облысы, #Жұмыспен қамту