Адал Ас компаниясының жұмысшылары кондитерлік цехта тазалық жұмыстарын жүргізді

Адал Ас компаниясының жұмысшылары кондитерлік цехта тазалық жұмыстарын жүргізді

Ұлттық өнімдер өндірумен айналысатын «Адал Ас» компаниясы өндіріс сапасына және санитарлық талаптарға ерекше мән береді. 2025 жылдың шілде айының басында компанияның кондитерлік цехында жоспарлы тазалық және санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шараларына цех қызметкерлері мен жауапты бөлім басшылары толық құрамда қатысты. Жұмыс барысында өндіріс алаңдары, құрал-жабдықтар, сақтау орындары мен жұмыс үстелдері арнайы тазартқыш құралдармен өңделіп, санитарлық нормаларға сәйкес залалсыздандырылды.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар өндірістік гигиенаны сақтау, өнім сапасын арттыру және тұтынушылардың сенімін нығайту мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылады. 

«Біздің өнімдеріміз тек дәмді ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз де болуы керек. Сол себепті тазалық – біздің басымдықтарымыздың бірі», – дейді компанияның HR директоры Рысгүл Мадвасова.

«Адал Ас» компаниясы болашақта да сапа мен тазалық стандарттарына сай қызметін жалғастырып, тұтынушыларына табиғи әрі сапалы өнім ұсынуды басты міндет ретінде ұстанып отыр.


#Семей, #Адал Ас