АДАЛ АЗАМАТ: Қоғамға қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен тұлға
Қоғам дамуына адал еңбегімен, білімімен және парасатымен үлес қосып жүрген жандар қашанда құрметке лайық. Осындай ел игілігі жолында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қоғамдық қызметте белсенділігімен танылған тұлғалардың бірі – Абай облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Алмагүл Жұмағұлова.
Еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастап, табандылығы мен білімінің арқасында жауапты қызметтерге дейін көтерілді. Семей қаласындағы зоотехникалық-ветеринарлық институтты үздік бітіріп, зооинженер мамандығын меңгерді. Кейін зоотехник-селекционер болып еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
Жастар ұйымдарында және мемлекеттік мекемелерде жауапты қызметтер атқарып, ұйымдастырушылық қабілетімен және кәсіби біліктілігімен танылды. Комсомол ұйымында, кейін түрлі мемлекеттік құрылымдарда еңбек етіп, тәжірибелі мемлекеттік қызметкер ретінде абыройға ие болды.Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте адал еңбек етіп, білікті ұйымдастырушы, талапшыл басшы ретінде танылды. Оның өмір жолы – еңбекқорлық пен елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі.
– Мемлекеттік қызмет үлкен жауапкершілік пен халық сенімін ақтауды талап ететін маңызды міндет. Қай салада еңбек етсе де, ең бастысы – адалдық пен елге деген жанашырлық екенін атап өтеді. Оның пікірінше, әрбір қызметкер өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылуы керек,- дейді Алмагүл Жұмағұлова.
Сонымен қатар Семей қалалық мәслихатының депутаты болып сайланып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосты. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, ардагерлер ұйымында еңбек етіп, аға буын өкілдеріне қамқорлық көрсету бағытында қызмет атқарып келеді.
– Мен үшін ең үлкен марапат халықтың алғысы мен сенімі. Адам қай қызметте жүрсе де, елге адал қызмет етіп, өз еңбегі арқылы қоғамға пайдасын тигізуі керек. Сол кезде ғана еңбектің мәні мен маңызы арта түседі, – дейді Алмагүл Хасенқызы.