Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 62 қаралымabaidan.kz

Абай облысының өнерпазы Армениядағы халықаралық фестивальге қатысты

Абай облысының өнерпазы Армениядағы халықаралық фестивальге қатысты

Абай облысының Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығының қызмет алушылары Армения Республикасында өткен VI Халықаралық «Чахрук» фестиваліне арнайы шақырту негізінде қатысты.

Абай облысының өнерпазы Армениядағы халықаралық фестивальге қатысты

Халықаралық фестиваль ерекше қажеттілігі бар балалар мен ересектердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және елдер арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталды. Биылғы фестивальге түрлі мемлекеттерден 350-ден астам қатысушы жиналды.

Абай облысының делегациясы бұл шараға «Үміт оты – 2026» халықаралық шығармашылық фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алғаннан кейін арнайы шақырту алды.

Абай облысының өнерпазы Армениядағы халықаралық фестивальге қатысты

Фестиваль барысында орталықтың қызмет алушылары Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, ұлттық мәдениетімізді таныстырды. Сонымен қатар, өзге елдерден келген қатысушылармен тәжірибе алмасып, халықаралық достық байланыстарды нығайтуға үлес қосты.

Сапар аясында делегацияны Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Әлихан Серікұлы Ахметов пен Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы Жанар Батыржанқызы Оңғарова жылы қабылдап, қолдау көрсетті.

Абай облысының өнерпазы Армениядағы халықаралық фестивальге қатысты

Орталық директоры Айқын Битимбаев көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылығын білдірді.

«Армения Республикасында өткен VI Халықаралық «Чахрук» фестиваліне арнайы шақыртумен бардық. Бұл – біздің орталықтың жұмысына және қызмет алушыларымыздың шығармашылық жетістіктеріне берілген үлкен сенім. Осындай халықаралық сахнада Қазақстанның атынан өнер көрсету біз үшін үлкен мәртебе. Бізді жылы қарсы алып, қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Әлихан Серікұлы Ахметовке және Елшіліктің үшінші хатшысы Жанар Батыржанқызы Оңғароваға шынайы алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, еліміздің абыройын асқақтатуға күш саламыз», – деді орталық директоры.

Абай облысының өнерпазы Армениядағы халықаралық фестивальге қатысты

Халықаралық фестивальге қатысу орталықтың қызмет алушылары үшін маңызды тәжірибе болды. Бұл сапар олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, Қазақстанның мәдениетін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік берді.