Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 11 қаралымabaidan.kz

Семейде 1 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Семейде 1 жасар бала терезеден құлап көз жұмды

Бүгін Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 1 жасар бала терезеден құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды.

Осыған байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Балаларды ашық терезенің жанында қараусыз қалдырмаңыз, москит торына сенбеңіз және терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатыңыз.

Баланың өмірі мен қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың жауапкершілігі.