Барлаушылар дайындығы басты назарда

Барлаушылар дайындығы басты назарда

Абай гарнизонының  «Шығыс» оқу жаттығу полигонында 30217 әскери бөлімінің тактикалық оқу жаттығулары өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  Aбай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаттығу барысында аталмыш әскери бөлімнің арнайы мақсаттағы барлау ротасы жауынгерлік даярлықтың жоспарына сәйкес әрекет жасады. Ондағы арнайы мақсаты барлау тобы кәсіби тәжірибелерін арттырып, өзара үйлесімді әрекет ету барысын пысықтау, сондай-ақ әскерилердің жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін арттыру. 

          Тактикалық жаттағуларда алты оқу орны белгіленді. Алдымен қажетті құжаттар үлгісі көрсетіліп, тапсырманы орындауда қолданылатын барлаушы құралдары таныстырылды. Кейін дрондарды пайдалану мен ол арқылы жарылғыш заттарды нысанаға дөп тигізудің жолдары түсіндірілді. Оқу жаттығу барасында өздігінен жарылатын жарылғыш заттар мен әртүрлі тұзақ түрлері және қаруды дұрыс қолдану барысы баяндалды. Бұдан өзге тактикалық медицина мен әскерилер жарақан алған жағдайда өз-өзіне алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары жеткізілді.  Ал тактикалық оқу жаттығу негізгі үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде әскерилер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Бұл жерде сарбаздар дереу аэродромға аттанып, авиация көмегімен жаудың тылынан түсіп, тосын шабуыл жасады. Жау тылына жеткенге дейін барлау ротасы тактикалық, инженерлік, әскери-медициналық нормативтерді орындады. Оларға мина алаңы да кедергі келтіре алмады. 

          Осыдан кейін барып арнайы мақсаттағы барлау ротасы жауға тосыннан шабуыл жасау іс әрекеттерін көрсетті. Дроннан граната лақтырып, танкіге қарсы зымыран қолданды. Осы әрекеттері арқылы жаудың автокөлік легінің жолын бөгеп, қарсылас жеке құрамының көзі жойылды. Тапсырманы орындап, құпия құжаттарды қолға түсіргеннен кейін арнайы мақсаттағы барлау тобы Ми-8 тікұшағымен эвакуацияланды. Жалпы тактикалық оқу жаттығу жоғары деңгейде өтті. 


#әскери, #"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы