Қоғам 38 қаралымabaidan.kz

Берік Уәли: Ауыл мәселесін ел ішінде жүріп шешу маңызды

Берік Уәли: Ауыл мәселесін ел ішінде жүріп шешу маңызды

Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдегі өзекті мәселелерді шешуде ауыл-аймақтарды аралап, тұрғындармен тікелей кездесуге басымдық береді. Бұл туралы ол «SEMEI» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Аймақ басшысының мәліметінше, өткен жылы 161 күнін аудандарда өткізген. Ал биыл 60 күннен астам уақытын ауылдар мен елді мекендерді аралауға арнаған. Сондай-ақ Аягөз ауданына 8 рет жұмыс сапарымен барған.

Әкімнің айтуынша, мұндай сапарлардың басты мақсаты – тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, жергілікті жердегі түйткілдерді көзбен көріп, олардың шешілуін бақылау.

Берік Уәли ауылдағы мәселелерді кабинетте отырып шешу мүмкін еместігін атап өтіп, халықпен тікелей байланыс орнатудың маңызын жеткізді.