Берік Уәли Үржар ауданындағы жол жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді

Берік Уәли Үржар ауданындағы жол жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді

Облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданына іс сапармен барды. Өңір басшысы ауданда жөнделіп жатқан жолдардың сапасын “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалы мамандарымен бірлесіп тексеріп көрді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі “ Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   ЖАСҰО қызметкерлері Жанай ауылында төселген асфальттан сынама алып, оның талапқа қаншалықты сай екендігін анықтады.  Биыл елді-мекенде 3,5 шақырымды құрайтын 5 көшеге асфальт төселді. Жоба «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге астып жатыр. Жалпы Үржар ауданында аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен 4 елді мекендегі ұзындығы 14 шақырым болатын 18 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс сапасын “ Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының мамандары бақылауға алады.


#Абай облысы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы", #Үржар ауданы