Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды

Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды

Биыл қала күніне орай отшашу болмайды. Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дегенмен қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Оның 90-ға жуығы - елорданың бүкіл тұрғындары мен қонақтары үшін тегін.

Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтер кілттері табысталады.