Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Абай облысының барлық қала мен аудандарында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған 140-тан астам мекеме қатысып, 600-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеде 700-ге жуық тұрғын қамтылды. Оның ішінде 50-ге жуық адам жұмысқа орналасуға жолдама алды. 

Жәрмеңке барысында қатысушылар тікелей сұхбаттасу, түйіндеме тапсыру, жұмысқа орналасу бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Мансап орталығының мамандары тұрғындарға бос жұмыс орындары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.27419:37


#Семей, #Абай облысы, #Жұмыспен қамту