Бір палаталы Құрылтай заң жобаларын үш оқылымда қарайды
Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Құрылтайдың заң қабылдау үдерісі қандай форматта ұйымдастырылатынын айтты,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Бір палаталы Құрылтайдың заң шығару үдерісі де жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде, Құрылтай жұмысына заң жобаларын үш оқылымда қарастыру форматын енгізу ұсынылды. Алғашқы екі оқылымда заң жобасының мазмұны айқындалады. Ал үшінші оқылым заң жобасының заңнамалық тұрғыдан дұрыстығын қамтамасыз етеді, - деді ол.
Ерлан Қарин заң шығару үдерісінің үздіксіз болуына Парламентте екінші палатаның болмауы бұған кедергі келтірмейтінін атап өтті.
– Сондықтан Парламент болмаған кезде заң шығару функциясы мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы – Президентке жүктеледі. Жұмыс тобы осындай ұсыныс енгізді, - деді Мемлекеттік кеңесші.
Айта кетейік, Jibek Joly арнасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Бұған дейін Конституциялық комиссияның құрамында кімдер кіргенін жазған едік.
#ҚР Президенті, #Конституция, #реформа