«Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
«Қоғамдық келісім орталығы– облыстық Достық үйі» КММ базасында «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Басты мақсат - елдегі тыныштық, ауызбіршілікті сақтап, насихаттау. Іс-шараға «Қазақ мәдени- әлеуметтік орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Абай облыстық филиалы, «Мрiя» украин мәдени орталығы ШҚО қоғамдық бірлестігі, «Буюк келажак» Семейдегі өзбек әлеуметтік - мәдени орталық» қоғамдық бірлестігі, қалалық «Вайнах» шешен – ингушының мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Возрождение» немістердің Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, «Бокер» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері мен белсенділері қатысты.
Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттері концерттік нөмірлерімен өнер көрсетті.