Елге қызмет еткен ерлер есімі мәңгі жасайды
1 қазан - Қарттар күні мерекесі қарсаңында, ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Семей қаласының тұрғыны, Жалаңашкөл оқиғасына қатысқан отставкадағы полковник Александр Владимирович Коноваловты құттықтап қайтты,-деп хабарлайды abaidan.kz
Кездесуде Александр Владимировичке Департамент басшысының алғыс хаты мен Қазақтың Жеті қазынасы бейнеленген сурет сыйлыққа берілді.
Отставкадағы полковник кездесу кезінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне өзінің ізгі ниетін білдірді, ҰҚК Шекара Қызметі Абай облысы бойынша департаментінің басшылығына әр мейрамда оны еске алып, құттықтап жатқанына алғысын жеткізді.
Бұл шара - ерлігі мен қызметі ешқашан ұмытылмайтын ардагерлерге деген құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісі. Елдің қауіпсіздігі үшін қызмет еткен әрбір азамат - қоғамның баға жетпес байлығы. Олардың ерліктері, батылдығы мен табандылығы - жас ұрпақ үшін үлгі.
Бұл шара біздің тарихымызды, ерліктерімізді ұмытпай, ардагерлерге деген құрметтің мәңгі жасау керектігін еске салады. Олардың еңбектері біздің тыныштығымыздың, қауіпсіздігіміздің негізі. Олардың ерліктері жас ұрпақтың патриотизм мен ерлік рухта тәрбиеленуіне үлкен үлес қосады.
#қоғам, #мереке, #Қарттар күні