Елімізде 259 босқын бар, 473 шетелдік пана іздеп жүр – көші-қон комитеті

Елімізде 259 босқын бар, 473 шетелдік пана іздеп жүр – көші-қон комитеті

Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша 473 шетел азаматы «босқын» статусын алды, Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлім етті, -деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  KAZINFORM сілтеме жасап.  

«Ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында біздің министрлік пен БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Оның аясында босқындар мәртебесі туралы конвенцияның нормаларымен ұлттық заңнама нормаларын имплементациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр»,- деді Асқарбек Ертаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің мәлімдеуінше, босқындарға медициналық және әлеуметтік көмек беру бойынша ұсыныстар әзірленді.

«2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде 473 пана іздеуші мен 259 босқын тұрады. Пана іздеп жүрген адамдардың жаппай келуі жағдайында уақытша қоныстану пункттерін және оларды қабылдау тәртібін айқындау жөніндегі тиісті ережелер бекітілді», – дейді комитет төрағасы.


#көші-қон