Ғалым- кәсіпкер ару келбеті
Мұқажанова Раушан Мұратқанқызы – ғылым мен кәсіпкерлікті қатар алып жүрген іскер ару. Филология ғылымдарының кандидаты.
«Адал Ас» компаниясының негізін қалаушы. Бүгінде кәсіпорынның ұлттық табиғи өнімдері елімізбен қатар, шетелде танымал.
Раушан Мұратқанқызы - Шәкәрім атындағы Семей университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып бітірген. Еңбек жолын Семей телерадиокопаниясы қазақ редакциясының «Жаңалықтар қызметіне» жүргізуші-редактор болып бастаған. Аспирантураны бітіріп, Семей университетінің филология кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
ҚР Жоғары Аттестаттау комитетінің бекітуімен доцент ғылыми атағы берілген.
ҚазИГЗУ-нің гуманитарлық факультетінің деканы, бүгінде Әлихан Бөкейхан университеті филология кафедрасының доценті қызметін атқаруда. Негізгі ғылыми зерттеу бағыты – қазақ әдебиетінің тарихы, әуезовтану.
Әуезовтанушы ғалым ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оқу-әдістемелік еңбектер әзірледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми монография, құжаттар жинағы, ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрді. ҚР БжҒМ республикалық ғылыми-практикалық «Оқулық» орталығында эксперт ретінде оқулықтарға сараптама жасаған.
Сонымен қатар бірқатар оқу құралдарының авторы. Кейбірі еліміздің жоғары оқу орындарында қолданысқа енген.
100-ден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы. Қазақ әдебиетінің тарихын, қазақ әдебиетіндегі әдеби жанрларын, М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасын,қазақ және шет елдер әдеби байланыстарын, тағы да басқа қазақ және әлем әдебиетінің тарихын оқытудағы көкейкесті мәселелерді көтерген мақалалары шетелдік, отандық ғылыми-әдістемелік басылымдарда жарияланып келеді.
Ғылыми жұмыстармен қарқынды айналысумен қатар, студенттердің ғылыми жобаларына жетекшілік етеді
Кафедрадағы оқу жүктемесіне сәйкес оқу-әдістемелік жұмыстармен қатар, студенттер мен магистранттарға дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.
Мұқажанова Раушан Мұратқанқызы қала өміріндегі әлеуметтік-қоғамдық, саяси-мәдени іс-шараларға белсене араласып, аймақтағы тұрақтылықтың сақталуына, рухани дамуына өз үлесін қосып келеді.
ҚР Қоғамдық Ғылымдар Академиясының мүшесі.
Түркия Республикасы, Стамбул университетінде филология бағыты бойынша тәжірибе алмасып қайтты. Үнемі ғылыми-ізденушілік бағыттағы қызметі оның халықаралық, әлемдік деңгейде өткен ғылыми, мәдени шараларға қатысуынан байқалады.
"AMANAT" партиясының белсенді мүшесі, партия жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі.
Еңбек жолында қаланың қоғамдық өміріне белсене ат салысқаны үшін Семей қаласы әкімінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрінің алғыс хатымен марапатталды. «ҚазИГЗУ –нің қалыптасуына және кәсіби білікті мамандар даярлауға қосқан айрықша үлесі үшін» медалімен, «ҚазИГЗУ сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және ҚР ғылым және жоғарғы білім министірлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін төс белгісімен» марапатталды.
Ғалым-кәсіпкер ару отбасында сыйлы келін, асыл жар, аяулы ана.Бүгінде 3 бала тәрбиелеп, өсіруде. Бастысы – ұрпағымыз ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен, еліміздің дамуына үлес қосатын бәсекеге қабілетті маман болып шықса деп ойлаймын, -дейді Раушан Мұратқанқызы.
#Семей, #Абай облысы, #білім беру, #кәсіпкерлік