Халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы жалғасады

Халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы жалғасады

Халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы алдағы жылдары ұйымдастырылады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов айтты деп хабарлайды abaidan.kz АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
 

«Қару-жарақ заттары қайдан пайда болуы мүмкін екендігі жайлы айтсақ, әлбетте олардың көбі – бұрыннан мұраға қалған не тауып алынған немесе оларды тіркеу бойынша шектеуді енгізгенге дейінгі сатып алынған қарулар. Мысалы, бұрын 1970 жылға дейін қарулар малшыларға аңнан қорғану үшін есепсіз таратылған. Барлық тексеріс іс-шараларынан кейін тапсырылған қарулар мен оқ-дәрілер жою процесін бейнежазбаға түсіре отырып, комиссиялық түрде жойылады», - деді басқарма бастығы министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, жою алдында қару бөлшектенеді. Оқпандар мен тетік бөлшектердің ешқайсысы одан әрі пайдалану үшін жарамды болып қалмайтындай механикалық жолмен деформацияланып, одан әрі атуға жарамсыз қару өнеркәсіп кәсіпорындарында балқытылады.

«Антикварлық және тарихи құндылығы бар қару криминалистикалық бөлімдердің заттай коллекцияларына немесе ІІМ-нің мұражайларына берілуі мүмкін. Мұндай іс-шараларды өткізудің оңтайлы тәжірибесін ескере отырып, акцияны алдымыздағы жылдары ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», - Асылбек Ыдырысов.


#Қару, #қоғам