IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ: «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ»
«TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ 11-12 қараша күндері Алматы қаласында өтеді.
IV Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы – әлемнің түкпір-түкпірінен БАҚ өкілдері жиналып, маңызды мәселелер мен болашақ стратегиялар жайлы кеңесетін тамаша мүмкіндік. Медиа форумда талқыға салынатын тақырыптар туризм саласындағы ортақ жобалар, дәстүрлі журналистика мен әлеуметтік медианың жаңа тенденциялары, жасанды интеллекттің медиаға ықпалы, геосаяси ахуалдың түркі елдеріндегі медиа нарыққа әсері, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жолдары т.б. талқыға салынады.
10.00-11.00. І ЖАЛПЫ ОТЫРЫС. «ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ТУРИЗМ ЖӘНЕ PR»
Түркі мемлекеттерінде PR және маркетинг құралдарын тиімді пайдалану арқылы туризм секторының дамуына ықпал ету. Мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың туристік PR-ды дамытудағы рөлін нақтылау. Туристік маркетинг саласындағы мамандарды оқыту және кәсіби білігін арттыру, жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру. Түркі әлемінде туризмді дамытудың бірлескен стратегиясын әзірлеу. Туристік маркетинг саласындағы мамандар арасында байланыс желісін құру. Түркі елдеріндегі туризм секторының әлеуеті туралы ақпараттандыруды күшейту. Инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар тарту.
Стандарттау және сапа:
Туризмдегі пиар саласындағы ортақ стандарттар. Әмбебап PR стратегияларын әртүрлі түркі мәдениеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендіріп бейімдеудегі қиындықтар. Туристік өнімді жасау және оларды танытуда мәдени нюанстарға дұрыс көңіл бөлмеу. Түркі елдеріне қатысты стереотиптер мен жаңсақ пікірлердің туризм мен пиарға кері әсері.
Әлеуметтік желілер мен инфлюенсер-маркетинг:
Туристік дестинацияларды жарнамалауда әлеуметтік желілерді пайдалану. Шынайы контент қалыптастыруда блогерлер мен қоғам қайраткерлерімен ынтымақтастық орнату.
Туризм - дипломатия құралы
Түркі әлемі елдері арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды туризм арқылы нығайту. Түркі елдерінің қонақжай және қауіпсіз туристік бағыттар ретіндегі имиджін насихаттау.
11.00-12.00. ІІ ОТЫРЫС. «ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ГЕОСАЯСИ АХУАЛ ЖӘНЕ МЕДИА НАРЫҚ»
Геосаяси жағдай түркітілдес елдердің медиа саласына қатты әсер етеді. Санкциялар, ақпарат ағынындағы өзгерістер және журналистер үшін жаңа сынақтар бөлшектенумен, жалған ақпараттың өсуімен және тәуелсіз БАҚ-қа қысымның күшеюімен сипатталатын жаңа медиа ландшафтты қалыптастыруда. Осы сын-қатерлерді еңсеру үшін журналистердің кәсіби қоғамдастығын нығайту, халықтың медиасауаттылығын дамыту және тәуелсіз БАҚ-ты қолдау қажет.
Ақпараттық ағынның өзгеруі
Медиа кеңістіктің бөлшектенуі: геосаяси ахуалдың ширығуы медиа кеңістіктің бөлшектенуіне әкеп соғады. Салдарынан пропаганда мен манипуляцияға бейім ақпараттық алаңдардың пайда болады. Бұл шынайы ақпаратқа қол жеткізуге кедергі жасайды.
Дезинформацияның артуы: ақпараттық соғыс жағдайында дезинформация мен фейк ақпараттар күшейеді. Бұл журналистерге нақты ақпарат пен «аңыздарды» ажыратуда қиындық келтіреді.
Әлеуметтік желілердің қоғамдағы ықпалының артуы: әлеуметтік желілер бүкіл әлем үшін өте маңызды дереккөзге айналған. Бірақ әлеуметтік желілерде жалған ақпарат жиі тарайды, ақпараттық манипуляция жиі жасалады. Бұл – БАҚ өкілдерінің кәсіби тұрғыда еркін жұмыс істеуіне кедергі.
12.00-13.00. ІІІ ОТЫРЫС. «АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ЖАҢА ФОРМАТТАР»
Ақпаратты тұтыну әдетінің өзгеруі және болашағы: Жасанды интеллект пен жаңа форматтар
Бүгінде ақпаратты тұтыну әдеті өте тез өзгеріп жатыр. Әлеуметтік желілер, қысқа видеолар, аудиоформаттар сияқты жаңа технологиялардың пайда болуы адамдардың ақпаратқа деген қажеттілігін және оны қабылдау тәсілін түбегейлі өзгертті. Бұл жаңа жағдайда медиа компанияларына жаңа форматтар мен платформаларға бейімделу, контентті монетизациялау және жасанды интеллект сияқты құралдарды тиімді пайдалану сынды үлкен міндеттер жүктеледі. Жасанды интеллект журналистика саласында қандай мүмкіндіктер ашады? VR/AR технологиялары қандай салаларда қолданылады? Контентті монетизациялаудың жаңа әдістері қандай? Әлеуметтік желілердің адамдардың психологиясына әсері қандай?
Ақпаратты тұтыну әдетінің өзгеруі
Әлеуметтік желілердің ықпалы: Әлеуметтік желілер адамдардың өзара әрекеттесуі үшін негізгі алаңға айналды. Бұл платформалардағы жаңалықтар мен ақпараттардың таралу жылдамдығы басқа медиа құралдарына қарағанда әлдеқайда жоғары. TikTok, Reels, Podcast сияқты қысқа видеолар мен аудиоформаттардың пайда болуы адамдардың назарын өзіне аударып отыр. Бұл форматтар ақпаратты тұтынуды жеңілдетіп, көңіл көтеруге бағытталған.
Контентті монетизациялау
Жазылым: Пайдаланушыларға белгілі бір мерзімге жазылып, эксклюзивті мазмұнға қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну. Жарнама: Контент ішінде немесе айналасында жарнама орналастыру. Электронды коммерция: Контентпен байланысты өнімдер мен қызметтерді сату. Мерчендайзинг: Брендтің бейнесін пайдаланып, тауарлар шығару. Жасанды интеллект пен медиа кеңістігі.
Жасанды интеллект медиа кеңістікке ықпалы:
Ақпарат жинау және талдау: Жасанды интеллект үлкен деректер көлемін тез арада жинап, талдауға мүмкіндік береді. Сараптамалық мәліметтерді жасау: Жасанды интеллект күрделі мәселелер бойынша сараптамалық мәліметтерді жасауға көмектеседі.Контент жасау: Жасанды интеллект жаңалықтар, мақалалар, сценарийлер сияқты түрлі форматтағы контентті автоматты түрде жасай алады.
БАҚ-та жасанды интеллектті қолданудың этикалық қыры:
БАҚ-та жасанды интеллектті қолдану кезінде жалған ақпараттарды тарату қаупі. Жеке өмірдің құпиялығын бұзу. Жұмыс орындарының азаюы.
13.00-14.30. ТҮСКІ АС. «GRAND PALACE».
14.30-15.30. IV ОТЫРЫС. «АЙМАҚТЫҚ БАҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК»
Аймақтық БАҚ-тағы түйткілдер: экономикалық қиындықтар: жарнамадан түсетін кірістердің төмендеуі, дәстүрлі БАҚ пен интернет-ресурстардың бәсекелестігінің артуы, сапалы контентті шығаруға кететін шығындардың көбеюі; кадр тапшылығы: білікті журналистердің жетіспеушілігі, әсіресе, облыстар мен аудандардағы қиындықтар; саяси және қаржылық қысым: аймақтық БАҚ жергілікті билік пен мүдделі топтар тарапынан қысымға ұшырайды. Бұл олардың сөз бостандығы мен объективтілігін шектейді. Технологиялық өзгерістер: техникалық жабдықты үнемі жаңарту және ақпаратты таратудың жаңа форматтарына бейімделу қажеттілігі. Әлеуметтік желілер тарапынан бәсекелестік: әлеуметтік желілер ақпарат таратудың күшті құралына айналды. Бұл дәстүрлі БАҚ-тың шынайы ақпаратты жедел таратуына кедергі келтіреді.
Аймақтық БАҚ-тағы бәсекелестік қабілетін арттыру
Табыс көздерін әртараптандыру: жарнама, ақылы жазылымдарды дамыту, басқа ақпарат құралдарына контент сату, ақылы қызметтерді ұсыну (пресс-релиз, медианарықты зерттеу). Мультимедиялық форматтарды дайындау: аудиторияға қызықты жоғары сапалы видео контент, подкасттар, инфографикалар т.б. Аудиториямен өзара әрекеттесуді күшейту: оқырмандармен тығыз байланыс орнату, сауалнамалар, байқаулар, тікелей эфирлер жүргізу үшін әлеуметтік желілерді пайдалану. Бірегей контентке назар аудару: басқа БАҚта жарияланбайтын материалдар, жергілікті аймаққа қатысты эксклюзив жаңалықтар, проблемалар т.б. Әріптестікті нығайту: басқа аймақтық БАҚ, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдар және бизнеспен ынтымақтасу. Журналистердің кәсіби деңгейін арттыру: семинар-тренингтер, вебинарлар, шеберлік сабақтары, кәсіби қауымдастықты қолдау.
Азаматтық қоғамды дамытуда аймақтық БАҚ маңызы
Билікті бақылау: БАҚ «төртінші билік» ретінде әрекет етеді, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін бақылайды, сыбайлас жемқорлық пен заңсыздықтарды анықтайды. Қоғамдық пікірді қалыптастыру: БАҚ күн тәртібін белгілейді, маңызды әлеуметтік мәселелерді көтереді және қоғамдық пікірталастарға ықпал етеді. Азаматтарды біріктіру: БАҚ адамдарды ортақ құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде біріктіріп, азаматтық белсенділікті ілгерілете алады. Әлеуметтік маңызы: БАҚ азаматтардың күрделі ақпараттық ортаға тез бейімделуге және жеке көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
15.30-16.30. Марапаттау салтанаты. «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Қазақстандағы 7-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырған «Туған жерім – тұғырым» тақырыбындағы жас журналситер байқауының жеңімпаздарын марапаттау.
19.00-23.00. «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-ның «Шеврон» компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған «Әлеумет – қоғам айнасы»-2024 байқауы мен «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-ның «Шеврон» компаниясы серіктестігінде ұйымдастырған «Еркін сөз»-2024 байқауының жеңімпаздарын марапттау салтанаты.
12 қараша 2024 жыл. Алматы.
10.00-17.00. БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренингтер.
#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #wfpa #worldforeignpressassociation #chevron #шеврон #халыкбанк #халықбанк #halykbank #anex #kta #kagir
#Алматы, #медиа форум, #түркітілдесжурналистерқоры