Қалбатау - Аягөз (92) -Үшарал жолы жөнделді
Қалбатау - Аягөз 92 -Үшарал жолы жөнделді. Бұл жаңалықпен әлеуметтік парақшасында Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов мәлімдеді. "Абай облысындағы халықпен кездесулерде республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу мәселесі жиі көтерілген болатын. Жазда Алакөлде де демалушылар тарапынан Қалбатау- Аягөз- Үшарал жолын жөндеу мәселесі көтерілген болатын. Парламент Мәжілісінде жолдарды жөндеу мәселесі менің тарапымнан бірнеше рет көтерілді. Үкіметке депутаттық сауал жолдағанды. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырыстарында көлік министрлігі мен "Қазавтожол" Ұлттық компаниясы басшыларымен талқыланды. Бақылауға алынды. Жөндеу жұмыстарын бірнеше рет барып көрдім. Үкімет айтқанын орындады. Қалбатау - Аягөз 92 км -Үшарал жолына асфальт төселіп, қозғалыс берілді. Айналма жол жоқ. Ендә Алматы мен Семейге, Өскеменге зырылдап жүруге болады,-деп жазды депутат.
#Абай облысы, #Нұртай Сабильянов, #жол, #ҚазАвтоЖол