«Қалбатау-Майқапшағай» жолына қайта құру жұмыстары жүргізілуде

«Қалбатау-Майқапшағай» жолына қайта құру жұмыстары жүргізілуде

Республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» жолына қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы – Абай облыстық филиалының директоры Фурхат Джуланов айтты деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі «Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы – Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Филиал директорының айтуынша, Абай облысында жолдың жалпы қашықтығы 6715 шақырымды құрайды. Оның 2176 шақырымы республикалық маңызы бар жол. «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» және «Қалбатау-Майқапшағай» жолдарына қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Биыл 615 шақырымнан 1013 шақырымға дейінгі жолдың жүру бөлігін қамтамасыз ету міндеті қойылған. «Қалбатау-Майқапшағай» жолының 1 -ші учаскесі былтыр жөнделсе, биыл 2-ші және 4-ші бөліктерін толықтай аяқтау көзделген. Жолдың сапасын тексеру мақсатында филиал қызметкерлері ағымдағы жылы ол жерге жоспарлы түрде 33 рет барып, 150 сынама алған.


#Абай облысы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"