Сарбаздар мен сайлау: Қала әкімін таңдау құқығы және азаматтық борыш

Сарбаздар мен сайлау: Қала әкімін таңдау құқығы және азаматтық борыш

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әрбір азаматтың сайлауға қатысу құқығы бар. Бұл құқық әскер қатарында жүрген сарбаздарға да тиесілі. Қала әкімін сайлау — жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызды тетігі, және бұл процеске сарбаздардың қатысуы азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді,- abaidan.kz Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Сарбаздар — ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтар. Олар әскери борышын өтеу барысында да еліміздің заңдарына бағына отырып,  соның ішінде сайлауға қатыса алады. Бүгін 36803 әскери бөлімінде дауыс беру үшін №132 сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Бұл учаскеде Абай гарнизонында қызметте жүрген сарбаздар өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды.

​Абай гарнизонының қолбасшылығы сайлау науқаны кезінде сарбаздарға барлық қажетті жағдайды жасап, олардың құқықтарының жүзеге асуына көмектесті. Бұл демократиялық қоғамның бір белгісі ретінде бағаланады.

​Сарбаздардың қала әкімін сайлауға қатысуы — олардың елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Бұл — патриотизмнің бір көрінісі. Әрбір дауыс — өзгеріске қадам, әділетті қоғам мен ашық билік құру жолындағы маңызды үлес.


#Семей, #сайлау, #сарбаз