Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

Бүгін, 2023 жылғы 10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім күшіне енді - азаматтардың мемлекеттер аумағында болу мерзімі 30 күннен аспауы керек деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап . Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі 10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енетінін мәлімдеген еді. Осы келісімнің 1-ші бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады. Бұл ретте азаматтардың екi мемлекеттiң аумағында болу мерзiмi мемлекеттiк шекараны кесiп өткен сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күнне, ал 180 күнтiзбелiк күн iшiнде барлығы 90 күннен аспауы қажет. Егер азаматтарға 30 күннен астам тұру қажеттігі болса, олар алдын ала тиісті санаттағы кіру визасын алуы керек. Айта кетейік, визасыз режим жұмыс істеу, оқу немесе миссионерлік қызметпен айналысу құқығын бермейді. 


#Қытай, #Қазақстан