Көкпекті ауданы жарты ғасыр бұрын шыққан өрт сөндіретін көлік алған

Көкпекті ауданы жарты ғасыр бұрын шыққан өрт сөндіретін көлік алған

Көкпекті ауданы жарты ғасыр бұрын шыққан өрт сөндіретін көлік алған. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов жариялаған деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Сондай-ақ, депутат тұрғындардың жер алуда да кедергілерге кездескені туралы жазған. Алақандай жер ала алмай отырмын деген тұрғындар Мәжіліс депутатымен болған кездесуде мәселе көтерген. 

"Абай облысы Көкпекті ауданының Биғаш ауылына биыл 1977 жылы шығарылған өрт сөндіргіш машина алыпты. Ауыл тұрындарының айтуына қарағанда бұл өрт сөндіргіш машинаны жөндеп, жүргізу үшін бірнеше миллион теңге қажет екен. 

Ал, Биғаш ауылының тұрғындары ауылшаруашылығымен айналысайын, жұмыс істейін десе жер алуға қол жеткізе алмай отыр. Жер бөлуде әділдік болмай тұр",-деп жазған Мәжілісмен.


#мәжіліс, #Парламент, #Нұртай Сабильянов