Мақаншы ауданында Мансап орталығы ашылды

Мақаншы ауданында Мансап орталығы ашылды

Мақаншы ауданында Абай облысының Еңбек мобильділігі орталығының филиалы Мақаншы ауданының мансап орталығы ашылды. Бұл туралы abaidan.kz агенттігі  Еңбек мобильділігі орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  Абай облысының Еңбек мобильділігі орталығының директоры Еркебұлан Тұрсын, Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Соғымбай Олжас Амангелдіұлы  мансап орталығының ашылуына арнайы қатысып жұмыс барысымен танысты. 

Сонымен қатар мамандармен жұмыс барысын талқылап, алдағы уақытқа қойылған жоспарлармен бөлісті. Жиында Еркебұлан Серікқалиұлы шекаралы аймақ тұрғындарын жұмыспен  қамту басты міндет  екендігін айтып, жаңадан ашылған орталық мамандарын бірлесе нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.  Мақаншы ауданына қарасты ауылдар мен елді-мекен тұрғындары мансап орталығына жүгіне алады. 

Бұл  ретте тұрғындарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, қайтарымсыз грант, кәсіптік оқыту, қоныс аудару бағдарламасы аясында мәселелер бойынша ақпарат алуға мүмкіндік бар.


#Абай облысы, #Мақаншы ауданы