Бородулиха ауданында, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеп жатқан мердігерлермен жұмыс кеңесі өтті

Бородулиха ауданында, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеп жатқан мердігерлермен жұмыс кеңесі өтті

Бородулиха ауданында, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеп жатқан мердігерлермен жұмыс кеңесі өтіп,  бірқатар маңызды мәселелер талқылады.  Бұл туралы жол активтері сапасының РМК Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап abaidan.kz  хабарлайды. Уақтылы аяқтауға кедергі келтіретін мәселелер ерекше назар алынды. Кеңеске «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының директоры, Фурхат Джуланов та қатысты. Филиал басшысы автомобиль жолдарының сапасын бақылау туралы пікірімен бөлісті. Мердігер ұйымдардың атқарған жұмыстары үнемі қадағалауда болатындығын жеткізді. Ал аудан басшылығы  тұрғындары үшін барлық жұмыстардың тиімді және уақытында аяқталуы маңызды екендігін атап өтіп, жоспардағы жол жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталуын қадағалайтындығын ескертті.

 


#Абай облысы, #жол картасы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"