Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері өңірлік кадрлық резервке іріктеу кезеңдері туралы мәлімдеді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері өңірлік кадрлық резервке іріктеу кезеңдері туралы мәлімдеді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері өңірлік кадрлық резервке іріктеу кезеңдері туралы мәлімдеді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Басты мақсат – әр өңірде дарынды жастар арасынан жас, жаңаша ойлайтын көшбасшылар пулын қалыптастыру.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
2) құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4) үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.



Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. 

Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады. Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады. Құжаттар abai@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Семей қаласы, Аймауытова көшесі, 143А, 2 қабат, 208 кабинет.


#Абай облысы