Облыс әкімі құрылысшылар күніне арналған салтанатты шараға қатысты

Облыс әкімі құрылысшылар күніне арналған салтанатты шараға қатысты

Аймақ басшысы Берік Уәли Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Іс-шарада облыс әкімі құрылыс саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың өңіріміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесін атап өтті.

Сонымен қатар құрылыс саласында көпжылдық адал еңбегімен және жоғары кәсібилігімен дараланған азаматтар мемлекеттік наградалармен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«Парасат» орденімен Сәуле  Досқұжанова, «Құрмет» орденімен Ахат Айтқазин, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Қалқаман  Бояубаев, Радик  Сабитов және Азамат Хусаинов марапатталды. Ал осы саланың тағы 15 өкілі облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды. 

Жиын соңында аймақ басшысы құрылысшыларға зор денсаулық, жаңа табыстар және еңбекте толағай жетістіктер тіледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі», – деп қарапайым еңбек адамдарын құрметтеу, адал еңбекті бағалау мемлекеттік идеологияның басым бағыттарының бірі екенін атап көрсеткен болатын. Алда өздеріңізбен бірлесе атқаратын жұмыс көп. Өңірімізге салынып жатқан әлеуметтік нысандар, өндіріс орындарының құрылысы, тұрғын үйлер, мәдени нысандардың сапалы салынуы, дер уағында пайдалануға берілуі бәрі де сіздердің мінсіз жұмыстарыңызға байланысты екені белгілі. Сондықтан сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық,  өмірлеріңізге бақ-береке және атқарып жатқан жұмыстарыңызға жеміс тілейміз!», - деді облыс басшысы.


#Абай облысы, #құрылыс