«Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті «аbaidan.kz» ақпараттық агенттігінің ұжымына алғыс білдірді

«Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті «аbaidan.kz» ақпараттық агенттігінің ұжымына алғыс білдірді

«Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті «аbaidan.kz» ақпараттық агенттігіміздің ұжымына Алғыс хат жолдады. Онда «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Отандастар» форумына жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетіп, жиынның жоғары деңгейде өтуіне ерекше үлес қосқан редакция ұжымына алыс білдірген.

"Қиырдағы қандастарымыздың Атажұрттағы алқалы басқосуы барысында айтылған ұтымды ұсыныстар мен байыпты пікірлерді жұртшылыққа жеткізуде Өздеріңіздің қызметтеріңіз ерекше болды. Осы бағыттағы ынтымақтастығымыз ары қарай да жалғасын тауып, жаңа бастамалар мен тың жобаларға ұласа беретініне сенімдімін. Істеріңізге береке және шығармашылық мол табыс тілеймін. Ақпараттық серіктестігіміз нығая берсін!" - делінген Алғыс хатта.


#Отандастар қоры, #Алғыс хат