Президент тапсырмаларын орындау: Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлі жағалауының жер пайдалану картасымен танысты

Президент тапсырмаларын орындау: Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлі жағалауының жер пайдалану картасымен танысты

Мемлекет басшысының ішкі туризмнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев елдің негізгі туристік бағыттарын қамтитын өңірлерде жұмыс сапарын жалғастыруда, , - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі primeminister.kz. сілтеме жасап. Абай облысына жасаған жұмыс сапары барысында Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы туристік инфрақұрылымның жай-күйімен танысты.

Абай облысындағы көл жағалауында Премьер-министрдің орынбасары демалушылармен, кәсіпкерлермен және медицина қызметкерлерімен кездесіп, абаттандыру нысандары мен медициналық пунктті қарап шықты.

Абаттандыру және инфрақұрылымды жаңғырту

Биыл Алакөл көлінің жағалауында ауқымды реконструкциялау және абаттандыру жұмыстары басталды. Облыстық бюджеттен 658 млн теңге бөлінді, оның ішінде:

108,9 млн теңге — Арбат алаңын жөндеуге, ​

171,6 млн теңге жаңа қоғамдық кеңістік құруға

107,5 млн теңге жағалауды абаттандыруға.

Жағажайда 25 киім ауыстыру кабинасы, 50 қоқыс контейнері, 2 биодәретхана, 10 санитарлық торап (маусым соңына дейін 18-ге дейін жеткізіледі) орнатылды. 7 пирстің 3-еуі салынды, жарықтандыру жүргізіліп, құтқару мұнаралары орналастырылды. Қосымша 300 млн теңге бөлінді:

​•​ 141,6 млн теңге – Кабанбай ауылында өрт сөндіру депосының құрылысына;

​•​ 57,7 млн теңге – көл жағалауында құтқару станциясы құрылысына;

​•​ 100 млн теңге – туристік аумақты дамытудың бас жоспарын әзірлеуге.

Ел бойынша жүйелі тәсіл

Ермек Көшербаев туристік аймақтарды жақсарту жұмысы елдің барлық өңірлерін қамтитын мемлекеттік стратегия аясында жүзеге асырылуы қажеттігін атап өтті:

«Басты міндет — уақытша шешімдер қабылдамай, таза жағажайлар, қауіпсіз демалыс, тұрақты байланыс және ойластырылған инфрақұрылымды қамтитын орнықты жүйе қалыптастыру. Туризм — азаматтар үшін жайлы, ал өңірлер үшін өркениетті экономикалық әсер әкелуі тиіс», — деді ол.

Барлық өңірлерде анықталған мәселе ортақ: қоқыс жәшіктерінің жетіспеуі, бейберекет сауда, байланыстың нашарлығы, заңсыз құрылыстар. Осыған байланысты өңірлерге жасаған сапар қорытындысы бойынша туристік аймақтарды жоспарлаудың стандарттарын өзгерту және әкімдіктер мен қадағалау органдарымен өзара іс-қимылды күшейту сынды жүйелі шаралар қабылданады. Бақылау Үкімет деңгейінде жүзеге асырылады.