“Рэкетир“ фильмінің актері Мұрат Бисембин өмірден өтті

“Рэкетир“ фильмінің актері Мұрат Бисембин өмірден өтті

Танымал қазақстандық актер Мұрат Бисембин қайтыс болды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап. Қаралы хабарды оның қызы жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін актердің ұйқы безі қатерлі ісігіне шалдыққаны белгілі болған еді.

Мұрат Бисембин 1972 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Ол Қызылорда қаласының тумасы. Ауыл шаруашылығының инженер-механигі мамандығы бойынша политехникалық институтты тәмамдаған. "Рэкетир" фильміндегі Руслан рөлінен кейін танымалдылыққа ие болған. Үйленген, үш баласы бар.


#қоғам, #кино, #актер